Жаңалықтар

Рейд заң бұзушылықты анықтады

Облыста төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. Штаб құрамына енген мемлекеттік және төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Ақтөбе қаласының әкімдігі мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бизнес нысандары иелеріне қабылданған шектеулер мен тыйым салынған қызмет түрлері бойынша жұмыстар жүргізуде.

18 наурызда жүргізілген рейд нәтижесінде кәсіпкерлік нысандарының иелері тарапынан 3 заңбұзушылық әрекеттері анықталған.

Мейрамханалар мен дәмханалар сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін қызмет көрсетуі тиіс. Сондай-ақ вирустың таралу қаупі жоғары түнгі клубтар мен компьютер клубтарының жұмысына уақытша шектеу қойылды. Ережеге бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, — дейді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сергей Ли.

Бүгінде қалада санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемияға қарсы барлық қажетті іс-шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

— Қала бойынша 40 дезинфекциялық ұйым жұмыс істейді. Барлық мекемелер мен дүкендерде, балабақшалар мен халық көп шоғырланған жерлерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мәртөк ауданының «Жайсаң», Қарғалы ауданының «Әлімбет» және Әйтеке би ауданының «Қарашатау» шекара маңындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы тәулік бойы тұрақты бақылануда, — дейді Ақтөбе қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Аманжол Өтеғалиев.

Штаб мүшелері Call Center 90-66-06 телефоны арқылы шұғыл хабарламаларға жауап береді.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button