Жаңалықтар

Қазақтілді атаулар үлесі — 93 пайыз

Брифинг

2011 жылдан бергі аралықта облысымызда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 13 пайызға артып, 94 пайызға жетіп отыр.

Бұл республикалық көрсеткіштен 5 пайызға жоғары.

Жалпы, 2007 жылдан бергі уақытта мемлекеттік тілді үйрету курстарында 15, 9 мың адам оқыған. Тілді үйрету курстары Ақтөбе қаласы мен, басқа аудандармен салыстырғанда, орыстілді тұрғындары көп алты ауданда бар. Ал тілді қашықтықтан оқыту үшін ашылған сайтқа 78,1 мың адам тіркелген.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева айтты. Брифингке, сондай-ақ басқарманың тілдерді оқыту орталығының директоры Клара Серғазина қатысты.

Жиында Гүлайым Төлебаева «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалуы туралы баяндады. Бағдарламада алға қойылған міндеттердің орындалу көрсеткіштері жөнінен облысымыз республика бойынша — үздіктер қатарында. Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы 17,9 пайызға артқан. Ал облыстың топонимикалық кеңістігінде қазақтілді атаулар үлесі 93 пайызға жетіп отыр.

Басқарма басшысы 2020-2022 жылдарға арналған жаңа бағдарлама бойынша атқарылатын істерге де тоқталып, журналистер сауалдарына жауап берді.

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button