Жаңалықтар

Алаяқтық жолмен несие рәсімдеген

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша, қала тұрғындарының атынан несие рәсімдеген банк қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Банк қызметкері үш азаматқа 800 мың, 500 мың және 700 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген. Жәбірленушілер банктен төлем мерзімін өткізіп алғаны туралы қоңырау түскеннен кейін полицияға хабарласады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас оқиға Алға ауданында тіркелген. Ауданның  1989 жылғы тұрғыны үш танысын алдап, олардың атына 3 онлайн-несие рәсімдеген.

Күдікті танысынан ұялы телефонын бере тұруын сұрап, онлайн несие алуға өтінім жіберген. Уақыт өте келе ақша жіберу керек деген сылтаумен карта кодын сұраған. Картаға түскен ақшаны иесі күдіктіге берген. Жәбірленуші алданғанын  банктен төлем мерзімін өткізіп алғаны туралы қоңырау түскеннен кейін білген. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қазір  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті  уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерлері алаяқтардан сақ болуды ескертеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button