Жаңалықтар

Студентті пышақтап кетті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жатақханасының артында  студенттер төбелесіп, 19 жастағы студентті пышақтап кеткен. Қазір студент жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Дереу іске кіріскен полицейлер төбелескендерді ұстады. Пышақтаған адамның да кім екенін анықтады. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы ретте облыстық полиция департаменті жатақханаларда және жалдамалы пәтерлерде тұратын студенттердің ата-аналарына өз балаларын бақылауға шақырады. Ата-аналар балаларының қайда және кіммен жүргенін, сабақ үлгерімін қадағалап отырғаны жөн.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button