Жаңалықтар

Алаяқтан абай болыңыз!

Біраз уақыттан бері қаладағы ұйымдарға кіріп, азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағамен ұсынып, алаяқтық жасаған адам ұсталды. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар  мұндай тегін жеткізуге қарсы болмай, бірнеше рет қант, май, макарон және басқа да өнімдерді сатып алған. Осылайша сенімге кіріп, келесіде алушыларға азық-түлікті бірден көп мөлшерде көтерме бағамен сатып алуды ұсынады. Ол үшін сенім білдірген азаматтардан 20, 50, 100 мың теңге көлемінде ақша жинап алған. Ақша қолына тигеннен кейін әлгі адам ізім-қайым жоғалған.

Осы факт бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Ұрланған заттар тәркіленді, тергеу жүргізіліп жатыр.

Полицейлер әлгі алаяқтан зардап шеккендердің барлығы Астана ауданының №1 полиция бөліміне (Зауыт ПБ) хабарласуын сұрайды.

Кәмшат ҚОПАЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button