Жаңалықтар

Мұңалбектің ерлігі

Ақтөбе қаласындағы№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Мұңалбек Құлымбай қызметтен тыс уақытында Прохоров көшесіндегі бес қабатты үйдің маңында кездейсоқ оқиғаға тап болды. Бос уақытындаол әйелімен және бір жастағы ұлыменсол маңда жеке шаруаларымен жүрген. Кәсіби қырағылығы арқасында ол бір үйдің балкон терезесінен түтін шығып жатқанын байқап, сол үй жаққа қарай жүгіріп кетіпті.

Әуелі кіреберісте қолындағы баласымен сыртқа шығуға үрейленіп тұрған жас әйелге кезікті. Мұңалбек оларды сыртқа шығарып, төменнен жоғарғы  қабатқа дейін жүгіріп, есіктерді қағып: «Өрт, аулаға шығыңыздар!» деп бар дауысымен хабарлады. Лаулаған қызыл жалынның арасына кірген Мұңалбек қорқып қалған дәрменсіз әйелді көрді. Міне, осы жерде оның спорттық жаттығулармен тұрақты түрде айналысқаны пайдаға асты! Мұңалбек — барлық бөлім арасындағы ең үздік футболшы. Өзіне сенімді, шыныққан жігіт қарияны арқалап, аулаға шығарды.

  • Асүйде қызым бір нәрсеге бөгеліп қалды, ал мен көз ашытқан түтіннен қалай сақтану керектігін білмедім. Көзім нашар көреді, оның үстіне аяғым да ауырады.Не істерімді ойлап та үлгермедім. Осы сәтте Мұңалбек балам көмекке келді. Ол ауыр салмағыма қарамастан мені арқалап алып, баспалдақпен төмен түсіп, аулаға алып шықты. Ол — нағыз батыр! Алла оған зор денсаулық берсін, — дейдізейнеткер Алтын Ілиясова.

Мұңалбектің бар ойы жалын ауыздықталғанша тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп үлгеру болды. Оқиға орнына шақыру сәтінен бастап 7 минут өткен соң, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен өрт сөндіру күзеті қызметінің жедел кезекшісінің орынбасары азаматтық қорғау майоры Қалихан Бақытжанов келіп жетті. Тұрғындарсыртқа шығарылып, өртті сөндіруге екі техника жіберілді. Түтін толған үй-жайда адамдарды іздеу мақсатында газ-түтіннен қорғау қызметі жұмыс жасады. Бәрі жақсы аяқталды.

Сабина СЕРІКОВА,

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің

ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button