Жаңалықтар

Жаңғырудың жаңа талабы

А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік музыкалық колледжінде «Халық қауіпсіздігін қамтамасы зету» жобасы бойынша студенттермен кездесу өткізілді.

Бұл шараға облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов, тарихшы Дулат Әбенов, МЭМС қоры облыстық филиалының өкілі Айман Болатқызы, зейнетақы қоры облыстық филиалының жетекші маманы Айгүл Түменбаева, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің»жетекші кеңесшісі Тұрар Байлиевтер қатысты.

Шара барысында Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған мәселелер түсіндіріліп, осы құжаттағы бірқатар тақырыптар талқыланды. Д.Әбенов Жолдаудағы әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне өтудің бір талабы —  мәдениет қызметкерлеріне қолдау екендігін алға тартты.

Президент өз Жолдауында  мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлінбей келе жатқандығын, яғни кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің соңғы жылдары еңбекақысы көбеймегенін, олардың жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайтындығын айтып, осы олқылықтың орнын толтыру үшін алдағы жылдан бастап Үкіметке мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиістігін тапсырды. «Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек», — деді Президент. Сондықтан, мәдениет қызметкерлеріне жасалатын қолдаулар сіздерге де қатысты, — деді Д.Әбенов.

Шара барысында қатысушылар әрқайсысы өз салаларына қатысты толық мәлімет берді. Мәселен, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жетекші кеңесшісі Тұрар Байлиев баспаналы болуға мүмкіндік беретін тұрғын үй саласындағы мемлекеттік бағдарламалар туралы айтса, Айгүл Түменбаева Жолдауда айтылған зейнетақы саласы жөніндегі соңғы өзгерістерге тоқталды, Айман Болатқызы елімізде алдағы жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button