Пікір

Берекеге бастайтын қолдау

Бауыржан ТӘЖІМҰРАТОВ,

«Тау» ЖШС директоры

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдадым. Жолдауда әдеттегідей әлеуметтік мәселелерге, халықтың тұрмыс сапасын арттыруғамейлінше мән берілді. Әсіресе, кәсіпкер аналар, жаңа полиция бейнесі, бизнесті қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Президентшағын бизнеспен айналысушыларды 3 жылға дейін салықтан босатуды тапсырды. Әрине, бұл өз кезегінде кәсіп ашып, жұмысын дамытқысы келетіндер үшін үлкен көмек әрі қолдау. Шынын айтқанда, бұл шешім бизнесін енді ғана бастаған, яғни аяққа тұрып келе жатқан кәсіпкерлер үшін оңтайлы болмақ. Осы мерзім ішінде олар кәсібін бір жолға қойып, ел экономикасының дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.

Президент: «Тиімді шағын және орта бизнес — қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтанарылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек», — деді.

Бүгінде ауданымызда шағын және орта бизнеспен айналысушылар саны күн өткен сайын артуда. Менің бизнеспен айналысқаныма он жылдан астам уақыт болды. Өндіріс орнында жиһаз жасап, түрлі пластикалық есіктер мен терезелер өндіріледі. Отандық өнімге тапсырыс та, сұраныс та жоғары. Бүгінгі күні өзім басшылық ететін «Тау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүтін бір ауданның сұранысын қанағаттандырып отыр десем, артық айтқандық емес.  Елімізде мен секілді бизнестегі әріптестеріме ерекше қолдау барда ісімізден берекет табарымыз аян.

Бүгінде кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Оның үстіне қазірде  кәсіпкерлер жұмысына бұрынғыдай әкімшілік кедергілер де жоқ. Тың идея, жаңа жобаларды бизнестегілер еркін жүзеге асыруға мол мүмкіндік қарастырылған. Енді кәсіпкерлерді үш жылға дейін салықтан босату деген сөз — осындай игі қадамдардың жалғасы іспетті.

Байғанин ауданы.

«ДИПЛОММЕН — АУЫЛҒА»: 62 ЖАС МАМАН ҚАМТЫЛДЫ

Экономиканы дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешу — еліміздің даму жолындағы күн тәртібінен түспеген келелі мәселе екені баршаға аян. Бұл тақырыптың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында нақтыланып, одан әрі дами түсуі —  әр тұрғынның көкейіндегі мәселенің оңтайлы шешілетініне бағытталғандығы қуантады.

Елімізде «Дипломмен — ауылға» бағдарламасының кең көлемде жүзеге асырылып, осының нәтижесінде жас мамандар баспаналы болып жатқаны белгілі. Бұл жолғы Жолдауда аталған бағдарлама турасында былай делінді: «Дипломмен — ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек», — деді.

Ауданымызда «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы аясында нақты жұмыстар атқарылып, жас мамандар қолдауға ие болды. Бүгінгі күні аталған бағдарлама бойынша 62 жас осы бағдарламаның игілігін көрді. Олардың бәрі көтерме ақшасын алып, ауданда еңбек етіп жатыр. Әсіресе, 32 жас маман баспанамен қамтылды.

Бізді Президент Жолдауында айтылған осындай маңызды мәселелер дер кезінде  көтеріліп, шешімін тауып,  ел дамуының алға жылжитыны қуантады. Қолдау қай уақытта да әр адамды жетістікке жетелейді. Әр отбасының жағдайының жақсаруы, тұтастай келгенде бүтін қоғамның өркендеуіне негіз болады.

Рита ХАЛЫҚҚЫЗЫ,

Байғанинаудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button