Жаңалықтар

Кәсіпкерлер қолдауға ие

Еламан ІЗБАСТИН,

кәсіпкер,

Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

Еліміздің Ата Заңы күллі қазақстандықтарға қызмет етеді.

Конституциямызда әрбір қазақстандықтың ұлтына, дініне, нәсіліне қарамай, оның құқығы ардақ тұтылатыны айтылған. Яғни негізі Заңда: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар», — делінген.

Осы орайда айтпағым, бүгінде тәуелсіз елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің өрістеуіне, қанатын кеңінен жаюына мол мүмкіндік бар. Мемлекеттің дамуы, экономиканың өркендеп, елдің әл-ауқатының артуы — осы саланың дамуына тікелей байланысты. Елбасының тікелей қамқорлығының арқасында кәсіпкерлер құқығы ерекше қолдауға ие болды. Соның нәтижесінде бүгінде егемен елімізде кәсіпкерлер құқығы конституциялық заңға сәйкес қорғалған.

Қазіргі таңда кәсіпкерлерге қолдау көрсететін түрлі ұйымдар жұмыс жасайды. Осындай ұйымдардың жанында кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер құрылып, жүйелі жұмыстар атқарылуда.Соның бірі — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес. Егер бизнесте әкімшілік кедергілер туындап болмаса қандай да бір түсініспеушілік жағдайлар орын алса, кәсіпкерлердің басындағы мұндай проблеманың оңтайлы шешілуіне осындай құрылымдар тікелей ықпал жасайды.

Қазір өзім жетекшілік ететін «Хромтау Строй Мастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс саласына негізделген. Біз кәсіпорын жұмысшыларының конституциялық құқықтарына сәйкес оларды әлеуметтік қолдау әрі еңбек заңнамасы негізінде жұмыс жүргізуге тырысамыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button