Жаңалықтар

Цифрлық сауаттылығыңыз қалай? 

Акция

«Keruen city» сауда, ойын-сауық орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған акция өткізді.
​Шара барысында  100-ден астам тұрғын «Мобильді азаматтар» базасына тіркелді, ал 180 адам «Электрондық үкімет» веб-порталын қолдану бойынша кеңестер алды. Сондай-ақ ойын-сауық орталығының келушілеріне электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылды.
Аталған іс-шара «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс бойынша 30 643 азамат «ТелеграмБОТ» желісін пайдаланып отыр.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button