Жаңалықтар

 «Тylek.kz» сайты — акция қолдаушысы

Туған жерге тағзым

«Туған жерге тағзым» акциясын жандандыру мақсатында облыста 2017 жылы түлектерге арналған «Тylek.kz» сайты ашылғаны мәлім.

Облыстық білім басқармасының берген мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда «Tylekaktobe.kz» сайтына облыс бойынша 410 орта мектептің 302 305 түлегі тіркелген. Оның ішінде Ақтөбе қаласынан — 77 649, Мұғалжар ауданынан — 31 149, Темір ауданынан — 25 987, Шалқар ауданынан — 25 652, Хромтау ауданынан 20 739 түлек тіркеліп, белсенділік танытып отыр.

Бүгінде 4112 демеуші тарапынан 921 075 607 теңге көлемінде көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласы мен облыс мектептерінде, білім бөлімдерінде ашылған сайт арқылы парақшалар қажетті ақпараттармен толықтырылып, жаңартылып тұрады.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында облыстағы барлық мектептер жетістікке жеткен мектеп түлектерінің тізімдерін жасақтап, білім алған мектептеріне демеушілік қолдау көрсетуге шақыру жұмыстарын жалғастыруда. Нәтижесінде бұл бағытта аудандарда бірқатар жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді.

 

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.  

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button