Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Алғашқы жарыстың жетістігі

Триатлон

Жуырда Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай алғаш рет триатлоннан ҚР Чемпионаты мен ҚР Кубогы ІІІ кезеңінің чемпионаты өтті.  Жүзу, веложарыс және жүгіруден құралған мультиспортивті  олимпиадалық ойынның қала ішінен ағып жатқан кіші Сазды өзені мен орталық көшелерде өтуі де қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды.  Сенбі мен жексенбіде жанкүйерлер сайысты еркін тамашалады.
    Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақтағы ашылу  салтанатына қатысқан облыс әкімі Оңдасын Оразалин спортшылар мен қала тұрғындарын құттықтады.
Қазақстан Триатлон федерациясына осы чемпионатты Ақтөбе жерінде өткізуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Ақтөбенің  150 жылдығы аясында өтіп жатқан көлемді шаралармен бірге қаламызда мұндай чемпионаттың басталуы – бір жағынан, қуаныш және үлкен жауапкершілік. Біз сайыста  мүмкіндігімізді барынша  көрсетуіміз керек. Облыс әкімі ретінде, облыс пен қала тұрғындары салауатты өмір салтын таңдайтындары мені қуантады, — деп аймақ басшысы жарысты бірге тамашалады.
Алғашқы күні кәсіпқойлар өзара бақ сынасса, жарыстың екінші күні әуесқойлар арасында өткізілді. Бірінші кезеңде спортшылар 300 метр қашықтықта суда  жүзді, 8 шақырым веложарысқа қатысып,  2 шақырым қашықтықта  жүгірді.
Одан кейінгі кезең 1500 метр жүзу, 40 шақырым веложарыс, 10 шақырым жүгіру бойынша өтті.

Екінші күні бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) арасында триатлоннан «TEMIRADAM» Кубогының V кезеңі басталды.  «Спринтерлік» қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралды. Оған  750 метрге  жүзу, 20 шақырым веложарыс, 5 шақырым жүгіру кірді. Бұған әр қаладан 40 спортшы қатысса, оның 25-і жергілікті спортшылар.

Триатлон  чемпионатына  ақтөбелік спортшылар да белсене атсалысты. Жарыс қорытындысы бойынша  7 ақтөбелік спортшы чемпион атанса, 7 спортшы чемпионаттың 2-3 орындарына ие болды.

Бұл чемпионатқа қолымыздан келгенше дайындалдық. Ойлағанымыздай жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Спортшыларымыз жоғары деңгейде өнер көрсетті. Триатлон бізде енді ғана  дамып жатыр. Қазіргі спортшыларымыздың көбі әуесқойлар. Алдағы уақытта аталмыш спорт түрін кәсіби түрде дамытамыз. Бұған облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы қолдау көрсетіп отыр.  Сенімді ақтаймыз, — деді  облыстық федерация  Президенті Мирлан Мұхамбетов.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button