Жаңалықтар

Журналиспен жүздесу

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында Қазақстанның құрметті журналисі, қаламгер Идош Асқардың 80 жасқа толуына орай «Журналистикадағы өмір» атты кездесу кеші өтті.

Идош Асқар — Алға, Ойыл аудандық газеттерінде, облыстық телеарнада қызметтер атқарған, облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы болған,  зейнеттік демалысқа шыққаннан кейін де, қолынан қаламын тастамай келе жатқан белгілі журналист, «Ақтөбе» энциклопедиясын шығарушылардың бірі. Атақты тары өсіруші Шығанақ Берсиевтің өмірі мен жетістіктерін зерттеп, еңбек жазған, сондай-ақ, «Жазушы» баспасынан «Әзберген. Рухтың оянуы» атты тарихи зерттеуі кiтап болып шықты.

Кездесуде қаламгер өзінің өмір жолын оқырмандармен бөлісіп, қоғамдағы түрлі  келеңсіз оқиғалар мен бүгінгі жастардың тәрбиесі жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Өзіне қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, ол: «Мемлекет жұмақ орнату үшін емес, тозақ жайлап кетпес үшін қызмет етеді», — деді.

Жиында журналист Жаңғабыл Қабақбаев, ақын Нұрлыбек Қалауов, өзін диқаншы Шығанақтың туған жиенімін деп таныстырған Мұқанбетқали Ешмұқановтар сөз сөйлеп, қаламгер ағаға деген ыстық ықыластырын жеткізді.

Ал кітапхана директоры Бақтылы Қошабаева облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының атынан алғыс хат пен гүл шоғын ұсынды.

Талғат  ТІЛЕУЛЕСОВ,

кітапхана  қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button