Жаңалықтар

Парызға адал перзенттер

Туған жерге тағзым

Сәбиге жарық дүние сыйлап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп өсіру —  ата-ананың асыл қасиеті. Ал баласы үшін мехнат көрген ата-анаға құрмет көрсету — өз қолы аузына жеткен әрбір перзент үшін парыз.

Осы парызды біздің балаларымыз адал  атқарып келеді.  2002 жылы Құрашасай орта мектебінен түлеп ұшқан балаларымыз жаңа өмірдің талай сынынан өтсе де, ауызбіршілігін, адамгершілігін жоғалтпай сақтап келе жатыр.

Мұның бір дәлелі, 2017 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектеп бітіргендеріне 15 жыл толуына орай, өздері түлеп ұшқан алтын ұя мектебіне барлық сыныптастар бірлескен түрде теледидар тарту етті.

Сондай-ақ Наурыз мерекесіне орай ауылдағы мейрамханада  ата-аналарының басын қосып, мерекелік көңіл күй сыйлап, ақ дастарқан жайды. Балаларымыздың бұл ізгілігі құптарлық, кейінгілерге үлгі боларлық іс деп санаймыз.

Ата-ана үшін балаларының жарқын жүзін көргеннен артық бақыт жоқ. Біздің балаларымыз мақтануға тұрарлық.

2002 жылғы түлектердің ата-аналары

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button