Жаңалықтар

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы тағайындалды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аппарат отырысында «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының жаңа төрағасын таныстырды. Бұл лауазымға Руслан Мамунов тағайындалды.

Облыс басшысы жаңадан тағайындалған корпорация басшысының алдына бірқатар міндеттер қойды.

Руслан Мамунов корпорацияның келешектегі дамуының нақты тұжырымдамасы мен стратегиясын анықтауға, инвестициялық жобаларды қолдау мен жүзеге асыру тиімділігін арттыруға, оның ішінде инвестициялық және іскерлік ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретін шетелдік капиталдың қатысуын айқындауы тиіс. Сонымен бірге инвестициялық және инновациялық қызметті, «Ақтөбе» өнеркәсіптік аймағының облыс экономикасына қосатын үлесін арттыруды тапсырды.

Сонымен бірге коммуналдық базарларды, оның ішінде «Табыс» базарын басқаруды жетілдіру, олардың қызметін тиімді реттеу және азық-түлік шығындарының негізсіз өсуін болдырмауға басымдық берілмек.

Руслан Маратұлы Мамунов Қазтұтынуодағы экономикалық университетін экономист, Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша, «МВА КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ» (Шотландияда, Эдинбург) бағдарламасын бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Еңбек жолын 2000 жылы Ақмола облысында аудандық салық комитетінің маманы ретінде бастады.

2002 жылдан 2003 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ-да инженер, бағдарламалық қамтамасыз етудің жетекші инженері болды.

2003-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес кәсіпорындарында менеджер, бас менеджер және департамент директоры қызметтерін атқарды. Кейінірек «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «KazSatNet» АҚ еншілес компанияларындағы бөлімдердің бастығы болды.

«Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының лауазымына тағайындалмас бұрын коммерциялық құрылымдарда бірінші басшылық лауазымдар атқарған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button