Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетілді

Кәсіподақ

Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының облыстық филалында осы салада ұзақ жылдардан бері қызмет істейтін көп балалы аналарға қолдау көрсетілді.

Олардың арасында халықаралық және республикалық спорттық біріншіліктердің чемпиондарының шешелері де болды. Кітапханашылар мен есеп қызметкерлері өз балаларының оқудағы, спорттағы табыстары мен жеңістері туралы әңгімеледі. Мысалы, Есет батыр атындағы мектеп-интернаттың  тәрбиеленушісі, дзюдо бойынша халықаралық және республикалық жарыстардың жүлдегері Жанарыс Рахметқалидың анасы Шұғыла Сансызбаева 8 бала тәрбиелеп өсіріп отыр. Жанарыс отбасындағы балалардың жасы жөнінен екінші үлкені. Спорттағы жеңістеріне ол өзінің еңбек сүйгіштігі, табандылығы арқасында жетті. Одан отбасының кішілері де үлгі алуда.

Осы кездесуде көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету туралы Елбасының Nur Otan партиясының таяудағы съезінде көтерген бастамасын кәсіподақ белсенділері де талқылап, бұл жобаның өз шешімін табатынына сенім білдірді.

Басқосудың соңында салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Назира Табылдинова лайықты аналық еңбектерімен құттықтап, көпбалалы аналарға Алғыс хаттар мен ақша сертификаттарын тапсырды.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button