Жаңалықтар

Жалақының өсетіні қуантты

Роман РАХИЕВ,

денсаулық сақтау саласының ардагері.

Ақтөбе қаласы

Ұлт саулығы — елдің көркеюінің негізі.

Елбасы қай уақытта да халық денсаулығын жақсарту жұмыстарын назарынан тыс қалдырған емес. «Нұр Отан» партиясының  XVIII съезінде сөйлеген сөзінде де бұл салаға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуды тапсырды. «Қоғамдық денсаулық пен алғашқы медициналық көмекке бөлінетін қаражаттың жалпы денсаулық сақтау саласына қарастырылған ақшаның 40%-інен 60%-ке дейін арттырылуы тиіс» деді. Төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығын 30 пайызға көтеруді тапсырды.

Медицина саласының мамандары үшін бұл  — қуанышты хабар. Себебі медбикелер мен кіші медициналық қызметкерлердің еңбекақсы өседі. Айлығы өссе, маманның еңбекке құлшынысы артады. Ал бұл салаға бөлінетін қомақты қаржы халық денсаулығын жақсартуға, медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталады. Оның ішінде біздің облыста да қыруар шаруа жүрері анық. Қазірдің өзінде өңірде ірі медициналық орталықтар салынып жатыр. Сондықтан Елбасының бұл тапсырмасы өте орынды.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button