Жаңалықтар

Көліктерге жол бермегендер айыппұл төледі

Рейд

Дабыл түскен сәтте шақыру орнына барынша қысқа уақытта жету — өрт сөндірушілердің бірінші кезектегі міндеті. Сондықтан арнайы көліктер қала көшелерімен оқиға орнына жетуге асығады. Көп жағдайда адам өмірін аман сақтап қалу олардың қаншалықты тез жетуіне байланысты. Осыны былайғы жүргізушілер ескере бермейді. Өрт сөндірушілердің көлігіне түсіністікпен қарап, жол беру қажеттігіне назар аудармайды. Тіпті арнайы жарық белгілері мен дабылына да назар аудармайды.

Осындай жағдайлардың алдын алып,  өрт-құтқару техникасының шақыру орнына уақтылы келуіне кедергілерді болдырмау мақсатында жақында  4 күн бойы Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен  рейд өткізілді. Бұл шараға әр қалалық бөлімнің жеке құрамынан 2 адам және 1 техника, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің 1 патрульдік машинасы жұмылдырылды.

Жолда жүру ережесіне сәйкес белгі беру жарықтары мен дыбыстық дабылы қосылған арнайы көліктер жақындағанда жүргізушілер міндетті түрде арнайы техникалардың еш кедергісіз өтуі үшін жол беруі қажет. Бірақ, өкінішке қарай, іс жүзінде олай бола бермейді.

Төрт күнге созылған рейд барысында жалпы саны 8 көлік тоқтатылды. Олардың біреуі көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты, ал қалған 7 автокөлік иесіне рейд барысында бір уақытта арнайы дыбыстық сигнал мен жарқылы қосылған жедел және арнайы қызметтердің көлік құралының жүруіне басымдық бермегені үшін ҚР Жол қозғалысы ережесіне сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button