Жаңалықтар

Су тасқынынан сақтанды

Жаттығу

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы алдағы көктемгі су тасқыны кезінде болатын қиындықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың қолға алынып жатқанын хабарлады.

Осымен байланысты сейсенбі күні ертеңгілік қаланың автомобиль базасы аумағында (Богослов трассасы) су тасқыны кезінде пайдаланылатын күш-құралдарына байқау жүргізілген. Бұдан кейін бұл тексеру-бақылау шарасы «Ромашка» бау-бақша ұжымының аумағында жалғасқан.  Оған 14 құрылым, 187 адам және 26 бірлік техника қатысқан. Бұдан бұрынғы жылдарда осы бау-бақша ұжымының учаскесінде тасқын судан зардап шегу оқиғасы тіркелген еді. Сондықтан бұл жерде шартты түрде әлі де су басу қаупі бар деп есептеліп, апаттық-құтқару бағытындағы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Бұл маңдағы су өткізу құрылыстарының кептелісіне жол бермеу, сол арқылы Сазды өзені суының басып қалуынан сақтандыру шаралары алынды. Бұл реттегі төтенше жағдай аумағын анықтау үшін оқу-жаттығу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды. Сөйтіп жедел штаб «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының ауа райын болжау мониторингісіне сүйене отырып, жедел іс-қимыл шараларын жүзеге асырды.

Төтенше жағдайлар құрамына кіретін күш құрылымдары жаттығу кезінде су тасқынын бөгуге және қандай да зардаптарды жоюға дайын екендерін көрсетті. Бөлімшелер қуатты техникалар мен суда жүзу құралдарымен қамтамасыз етілген. Олар оқу-жаттығу кезінде өздерінің мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсетті.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button