Ақтөбе — 150

150 жылдыққа — 150 концерт

Ақтөбе қаласының көркіне айналған Өнер орталығы да жыл бойы көрермендерге толатын болады. Шырайлы шаһардың 150 жылдық мерекесімен үндескен  Жастар жылында бұл өнер ордасында көптеген рухани-мәдени шаралар өтпек.

Сондай айтулы шаралардың бірі — Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония қаңтардың 22-26 күндері Өнер орталығында қала тұрғындары мен қонақтарына тегін мерекелік «Сүйікті кинофильм әуендері» атты концертін ұсынып жатыр.

Бұл — қаламыздың даталы мерекесіне орай қолға алынған «150 концерт» бастамасы аясындағы алғашқы қадамдардың бірі. Мерекелік акция зиялы қауым өкілдері мен білім беру қызметкерлерінің қатысуымен өткізілуде. Күн сайын кешкі 18.30-да болатын концертте А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов пен бас дирижері, ҚР мәдениет үздігі Мәдина Қабижанованың жетекшілік етуімен сүйікті киноәуендерді орындайды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button