Мереке

Қайырымдылық шыршасы

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Қамқоршылық — Забота» қайырымдылық қоры «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы» бастауыш партия ұйымы және «Айс-плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе балаларға арналған қайырымдылық кешін ұйымдастырды.

Дәстүрлі игі шара биыл Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығы ғимаратында өтті.  

Шараға «Жайсаң» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, Ақтөбе қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан 140 бала қатысты.

Балдырғандар алдымен ертегі кейіпкерлерінің театрландырылған қойылымын тамашалап, ғажайыпқа толы шырша мерекесінің қонағы болды.

— Әрине, мереке қарсаңында кез келген бала ерекше ғажайыпты, Аяз атаның сыйлығын күтетіні рас. Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамнан тыс қалмай, өздерін еліміздің толыққанды мүшесі сезінуі керек.

Бүгінгі қайырымдылық шарасына қолдау көрсеткен кәсіпкерлер мен компания өкілдері жыл бойы қолдауға мұқтаж отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Бұл игі шаралар өз жалғасын таба бермек, — дейді «Қамқоршылық — Забота» қайырымдылық қорының директоры Дмитрий Довматенко.

Мерекелік кеште балаларға сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді. Аяз ата мен Ақшақардың тілектерін тыңдап, жаңа жыл иесін қарсы алды.

Менің немерем Ислам Бақтыбаев — бірнеше жылдан бері көз ауруының мүгедегі. Осыған дейін бірнеше рет «Қамқоршылық — Забота» қорынан көмек алған едім. Немереме медициналық көмек көрсеткендері үшін аналық ризашылығымды білдіремін. Сауда орталықтарына қайырымдылық жәшіктерін орнатып берді. Киім-кешек, азық-түлікпен де көмек көрсетіп тұрады. Барша қайырымды азаматтарға алғысым шексіз, — дейді ата-аналардың бірі Анна Бақтыбаева.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button