«Бақытты бала»Басты жаңалықтар

Батыс Қазақстан бойынша аспан астындағы ең үлкен саябақ ашылады

Ақтөбе қаласында Батыс Қазақстандағы ең ірі отбасылық демалыс саябағы Кеңес Нокин және 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылдарының қиылысында ашылады. Оның жалпы ауданы 3,5 га құрайды, жобаға салынған инвестициялар көлемі 658 миллион теңгеден асады. Тапсырыс беруші — «Nurai Invest Group» акционерлік қоғамы.

Өткен сенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев учаскедегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Ашық аспан астындағы бірегей ойын-сауық саябағы ағымдағы жылдың 1 маусымында ашылады. Бұл жерде хайуанаттар паркі, этноауыл, ұялы планетарий, мини-гольф алаңы, жазғы кітапхана, үлкен лабиринт, құзға өрмелеу, жыл бойғы мұз айдыны, спорт және ойын алаңдары, батуттар, арқандар паркі, тир, боулинг, тағы басқалар болады.

— Балалар мен ересектерге арналған бұл отбасылық саябағы демалыс пен ойын-сауықты біріктіруге мүмкіндік береді. Жабдықтарға тапсырыс берілді, жеткізіліп жатыр, — деді облыс әкіміне «Nurai Invest Group» директоры Ербол Мұхамеджан.

Облыс басшысы құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, саябақтың «Бақытты бала» жобасы аясында кішкентай ақтөбеліктер үшін ең үлкен сыйлық болатынын атап өтіп, оны Халықаралық балаларды қорғау күніне дейін бітіруді тапсырды.

Демалыс саябағы «Киіз үй паркі» ірі жобасының бір бөлігі болып табылады, оның екінші кезеңін 2020 жылға дейін іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, инвесторлар осы уақытқа дейін 9 миллиард теңге тұратын мәдени-сауық кешенінің құрылысын аяқтауды көздеуде.

—  Кешеннің жалпы ауданы 40 мың шаршы метрді құрайды. Бұл батыс өңіріндегі және Қазақстандағы ең ірі саябақтар тізіміне енетін болады. Сегіз қабатты ғимарат үш блоктан тұрады: іскерлік-әкімшілік, спорттық-сауықтыру және мәдени демалыс ойын-сауық болып бөлінеді, — деп Ербол Мұхамеджан сөзін жалғастырды.

Жобада инвестициялық учаскелер, асфальттау, көгалдандыру, жақын маңдағы аумақты абаттандыру қарастырылған. Атап айтқанда, 500-ге жуық шырша және канадалық үйеңкілер отырғызылады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button