Басты жаңалықтарСпорт

Футбол инфрақұрылымын жетілдіру қажет

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы бірқатар спорт нысандарының материалдық-техникалық базасымен танысты» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ол «Ақтөбе» футбол командасы басшылығымен және жаттықтырушылар құрамымен бірге Орталық стадионның қазіргі жағдайы, футболға арналған олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Нефтяник» және «Химик» стадиондарын қарап шықты.

Негізгі футбол алаңының директоры Асхат Алтыбаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстары нашар болғандықтан, алаңның жылу беру жүйесі істен шықты.

— Неліктен сіз облыс басшылығын туындаған проблемаларға қатысты уақытында хабардар етпедіңіз және оларды жою үшін қажетті шараларды қабылдадамадыңыз? Егер қажетті жөндеу жұмыстары уақытында өткізілсе, бұл мәселені болдырмауға болатын еді ғой, — деп  Бердібек Сапарбаев профильді басқару мен стадион басшылығының көрсеткен жұмысын сынға алды.

Облыс әкімі тиісті мемлекеттік органдарға бұл мәселені ерекше бақылауға алуды және оны шешу үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Облыс басшысы сондай-ақ, футбол инфрақұрылымының тексерілетін объектілерінің жөндеу жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін қосымша қаражат табуды тапсырды.

Сонымен қатар, осы күні облыс әкімі «Дельфин», «Шағала» және «Посейдон» бассейндерінің жұмысымен танысты.

— Биылғы жылы біз балаларды толыққанды дамыту үшін барлық жағдайларды жасауға бағытталған ауқымды «Бақытты бала» жобасын жүзеге асырамыз. Сондықтан барлық спорттық және мәдени нысандар күнделікті жұмыс істеуі керек. Балалар да, ересектер де демалыс күндері де баруға мүмкіндіктері болуы тиіс, — деді ол.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button