Басты жаңалықтар

Кәсіби мерекелерімен құттықтады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрылған күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

Облыс басшысы облыс прокуратурасы органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, мемлекеттік билік жүйесіндегі бақылаушы органның алатын айрықша орнын атап өтті.

— Қазіргі  аса күрделі экономикалық және сыртқы саяси жағдайда прокуратура органдарының басым бағыты конституциялық құқықтарды, азаматтардың бостандығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жүргізу болып отыр. Мұндай аса ауқымды міндеттерді шешу прокуратура органдарының қызметкерлерінен жоғары кәсіби шеберлікті, адалдықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді, — деді облыс әкімі

Облыс әкімі атап өткендей,  Елбасы  тапсырмасы бойынша,  2016 жылдың күзінде облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамсыз ету» жобасы бойынша республикалық  десант жұмыс жасады. ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп  ірі жобалар жүзеге асырылды.  2016-2017 жылдары қолданылған тәжірибелерді ескере отырып, тағы да 3 десант жүзеге асырылып, оның барысында 400 мың адамды қамтыған 7 мыңнан астам шара ұйымдастырылды. Осының нәтижесінде 14,5 мың ақтөбелікке нақты жәрдем көрсетілді.

— Қылмыстың деңгейін төмендету бойынша да тиімді жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың 10 айында аталған көрсеткіш 28 пайыз төмендеді. Бұл — прокуратура, құқық қорғау органдарының бірлесе қимылдаған жұмыстарының нәтижесі, — деп облыс әкімі.

Сонымен бірге, облыс басшылығының  прокуратура қызметіне қолдау көрсетуде аянып қалмайтыны атап көрсетілді.

Мәселен, ағымдағы жылдың қазанында Ақтөбеде еліміз бойынша бірінші болып Құқық қызметі орталығы өз жұмысын бастады. Онда құқық қорғау және атқарушы, прокуратура органдары, ішкі істер, әділет орындары, жергілікті атқарушы органдар, адвокаттар мен медиаторлар халыққа осы сала бойынша кең көлемде қызмет көрсетеді, кеңестер береді. Орталық қызметкерлері арқылы қазірдің өзінде 1500 азаматқа құқықтық жәрдем көрсетілді.

Облыс әкімі прокуратураның таңдаулы бес қызметкеріне Құрмет грамотасын тапсырды.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button