Ресми

«Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз!

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» Ұлтық кәсіпкерлер палатасы, Кәсіподақтар Федерациясы және жергілікті атқарушы органдар республикалық іс-шараларды өткізу тұжырымдамасына сәйкес «Еңбек жолы» конкурсы 2017 жылы өткізілетінін хабарлайды.

«Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеуге, еңбек дәстүрлерін сақтап, байытуға, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұранымен еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Бұл шараның мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуді, ұрпақтар сабақтастығын сақтауды көздейді.

Саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері конкурсқа қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» — еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп, ең көп санды әулет таңдалады.

Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.

Еңбек әулеті — бір ұйымның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» — жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» — жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

1-кезең өңірлік деңгейде өткізіледі:

1) дауыстардың максималды санын жинақтаған, әрбір номинация бойынша үздіктер үштігін анықтайтын, онлайн дауыс беру;

2) онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған үздік үштіктің құрамынан облыстық комиссиямен «Еңбек жолы» байқауының өңірлік деңгейінің жеңімпаздарын анықтау;

2-кезең республикалық деңгейде сәйкес облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздары арасында өткізіледі:

1) дауыстардың максималды санын жинақтаған, әрбір номинация бойынша үздіктер үштігін анықтайтын,  Қазақстан Республикасы Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында онлайн дауыс беру;

2) онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған үздік үштіктің құрамынан республикалық комиссиямен «Еңбек жолы» байқауының республикалық  деңгейінің жеңімпаздарын анықтау.

Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы 27 қазанда «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетін күні Астана қаласында болады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері, жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат;

7) қысқа өмірбаянмен ақпарат, дауыс беруге шақыратын әрбір қатысушының үндеуінен тұратын бейнеролик.

Бар болса мынадай құжаттардың көшірмелері:

— мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, Алғыс хаттардың көшірмелері;

— біліктілікті арттыру туралы сертификаттар.

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Конкурсты өткізу мерзімдері:

— 2017 жылғы 20 мамырдан 20 шілдеге дейінгі мерзімде өңірлік деңгейде үміткерлерден материалдар мен өтінімдерді қабылдау;

— 2017 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейінгі мерзімде облыс әкімдігінің сайтында онлайн дауыс беру;

— 2017 жылғы 6 қыркүйекке дейінгі мерзімде «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық комиссиямен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау;

— 2017 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде «Еңбек жолы» байқауының өңірлік деңгейінен жеңімпаздардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ұсыну;

— 2017 жылғы 22 қыркүйектен 16 қазанға дейін ҚР ЕХӘҚМ-нің сайтында онлайн дауыс беру;

— 2017 жылдың 18-19 қазан мерзіміне дейін республикалық комиссиямен «Еңбек жолы» республикалық байқау деңгейінің жеңімпаздарын анықтау.

Осыған сәйкес, республикалық «Еңбек жолы» конкурсына белсенді атсалысуларыңызды сұраймыз.

Нақты ақпарат пен кеңесті Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101-үйде орналасқан Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 221 кабинетінде, тел.: 54-58-17, басқарманың веб-сайты: www.social.aktobe.gov.kz немесе Қазақстан Республикасы Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-35-11 телефоны арқылы алуға болады, www.enbek.gov.kz.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button