Жаңалықтар

«Нұрлы жол» аясындағы құрылыстар жіті бақылауда

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру аясында 2015 жылы Ұлттық қордан қаламыздағы әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысы үшін 3 979 304,0 мың теңге бөлінді.
Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі — тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту.
Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен алғаш рет тұрғын үйлер құрылысына 2 500 000,0 мың теңге қаражат аударылды.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында маусым айында «Тұрғын үй құрылыс жинақ» АҚ жүйесі бойынша 10 блок-секциялы несиелік тұрғын үй құрылысы туралы келісімшарт жасалды. Олар: «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №18 А,Б,В; №36 А,Б,В,Г және №38 А,Б,В тұрғын үйлері. 2015 жылдың 1 желтоқсаны күнгі жағдай бойынша аталған үйлердің құрылыс жұмыстары 55 пайыз мөлшерінде орындалған. Сондай-ақ Ұлттық қор қаражаты есебінен «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында құрылысы 2014 жылы басталған №20 А,Б,В несиелік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жалғастырылды. Бүгінгі күні мердігер «Ақтөбе-Сәулет» ЖШС тарапынан салынған бұл үйдің мемлекеттік қабылдап алу комиссиясы актісіне қол қою шаралары жүргізілуде.
2015 жылы «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды абаттандыру немесе дамыту, жобалау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 329 304,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл қаражат «Нұр Ақтөбе» шағын ауданын газбен жабдықтау үшін газ шығынын есептеуге арналған торап пен Ақтөбе қаласы «Городская» ПС бекетінен Батыс-2 шағын ауданына дейін ВЛ-10 кВ резервтік желінің құрылысына жұмсалды. Аталған құрылыстарды мердігер «Ақтөбеэлектросетьстрой» ЖШС орындады. Қазір нысан бойынша мемлекеттік қабылдап алу комиссиясының актісіне қол қойылуда.
«Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында «КИК» АҚ жобасы бойынша салынатын тұрғын үй кешеніне инженерлік желі тарту құрылысын 2016 жылы аяқтау жоспарланған.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту да «Нұрлы жол — Болашаққаа бастар жол» Жолдауының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен «Білім беру нысандарын қайта жаңғырту және салу» бағдарламасы аясында 1 150 000,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Мектепке дейінгі мекемелерде орын жетіспеушілігін азайту және оқушы орындарын арттыру үшін ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен үш білім беру нысанының құрылысы басталды. Кірпішті ауылында 320 орынға арналған орта мектеп құрылысы үшін «Элитстройсервис» ЖШС-мен, Заречный-3 ауылында 600 орынға арналған орта мектеп құрылысы үшін «Интерстиль» ЖШС-мен, Қарғалы ауылында 320 орынға арналған балабақша құрылысы үшін «КазПромСтройГрупп» ЖШС-мен келісімшарттар жасалды. Бұл білім нысандарының 2016 жылы пайдалануға берілуі жоспарланған.
Ұлттық қор қаражаты есебінен сондай-ақ, 700 000,0 мың теңге қаржы 2014 жылы басталған «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 1200 орындық орта мектептің құрылысына бағытталды.
Аталған нысандардың құрылысы жіті бақылауға алынған. Тапсырыс беруші, техникалық өкіл және авторлық қадағалау тарапынан апта сайын құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысы тексеріліп тұрады. Бұдан бөлек, Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаттары да бақылау жүргізеді. Құрылыс барысында құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылуын болдырмау үшін барлық тиісті шаралар қолданылып отыр.

А.ӘЛІМБАЕВ,
«Ақтөбе қаласының
құрылыс бөлімі» ММ
басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button