Жаңалықтар

Еркін елдің ертеңі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі тұсында «Еркін елдің ертеңі» деген тақырыпта М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде шара өткізілді.
Бұл жиын биылғы мерейлі белестер — Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы тақырыптарын да қамтып, кең ауқымда ұйымдастырылды. Оның мақсаты студенттерге патриоттық тәрбие беру тұрғысында еліміздің мерекелерін лайықты атап өтуін насихаттау, тарихымызды дәріптеп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру болып табылады.
Мерекелік шара тілдер кафедрасы шет тілдер курсының оқытушысы А.Көпенованың ұйымдастыруымен және жалпы медицина факультетінің I курс студенттерінің белсене қатысуымен өтті. Студенттер мерекелік, патриоттық әндер шырқап, би билеп, домбыра тартып, жүрек жарды өлеңдерін тарту етті.
Сонымен қатар бұл жиынға университет оқытушылары мен кураторлары, жалпы медицина және стоматология факультеттерінің студенттері қатысты. Кеште «Әйтеке би» қоғамдық қорының төрағасы, облыс әкімі жанындағы ақпараттық топтың мүшесі, Еркін Құрманбек студенттерге өзінің тақырыпқа байланысты әзірлеген слайд-деректерін көрсетіп, көптеген қызықты мағлұматтар берді.

Қ.ЖОЛДАСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button