Жаңалықтар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ТЕЖЕЙДІ

«Жер ғылыми өндірістік орталығы» РМК Ақтөбе филиалы мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асырады.
Сонымен қатар филиал жер учаскесінің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәліметтерді ұсыну, жер учаскесіне жекеменшік құқығына актілерді ресімдеу және беру, тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу секілді қызметтерді жүзеге асырады.
Аталған орталықта азаматтарға сапалы қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды қабылдау үшін филиал ғимаратының алдына пандус орнатылды. Құжаттарды қабылдау және шығарып беру бөлімі жұмыс істейді. Бөлімде жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін 5 терезе, күту орындықтары және толтырылған бланктердің үлгісі салынған ақпараттық стенд пен өтініш бланктері қойылған үстел бар.
Филиал қызметінің жариялылығы мен ашықтығы мақсатында және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін филиалдың әкімшілік ғимаратында және оның бөлімшелерінің ғимараттарындағы ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтер стандарттарының мәтіндері, олардың көрсетілу орындарының мекенжайлары және сенім телефоны көрсетілген. Сенім телефонына №54-08-47 нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады. Сонымен бірге шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшіктер қойылған.

Ерлан НҰРҒАЛИЕВ,
«ЖерҒӨО» РМК Ақтөбе филиалының
құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button