Жаңалықтар

Қарттар көңілденген күн

Қарғалы аудандық орталық кітапхана жүйесі жыл сайын атаулы мерекелерде оқырмандары арасынан жасы үлкен ата-әжелерді қонаққа шақырып, құрмет көрсетуді игі дәстүрге айналдырып келеді.
Биыл да еліміздің тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауылдың бір топ үлкеніне мерекелік құрмет көрсетілді. Осындай маңызды іс-шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Надежда Заглядова, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Ізтілеу, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мария Сарина арнайы келіп, ауыл қарттарына перзенттік ақ тілектерін жеткізді. Мерекеде желтоқсан құрбандары туралы бейне көріністен кейін зейнеткерлер өз өнерлерін көрсетті. Марал Шалов ақсақал желтоқсан ызғарына арнау өлеңін оқыса, ақ жаулықты әжелер Нәсіп Габбасова мен Күнсұлу Бөкенбаева және өнерпаз аға Жетес Мұқамбетжанов шырқата ән салып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аудандық кітапхана ұйымдастырған «Тәуелсіздік жырлайды» жыр байқауына қатысқан 15-29 жас арасындағы талапкерлер өлеңдерін оқып, көрермендердің берген бағасы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Кітапхана ұжымы да өз кезегінде әннен шашу шашып, қонақтарына қазақы дәстүрде ақ дастарқан жайды.

Бақыт ИМАШЕВ,
Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button