Жаңалықтар

Көрме туралы көп білді

Ақтөбе қаласындағы жас натуралистер стансасының мамандары
«Экспо-2017» халықаралық көрмесі тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы базасында өткізілген шараны қалалық жас натуралистер стансасының «Үй қояндарын өсірушілер», «Фауна» үйірме мүшелері ұйымдастырды.
Мақсат — жастарға Қазақстанның интеллектуалды болашағы жайында кеңінен түсінік беру, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау.
Үйірме мүшелері Ранай Жайжанова, Лариса Тайымбетовалар «Қазақстан — жарқын болашағымыз» тақырыбында өлең оқып, шығармашылық жұмыстарды таныстырса, «Фауна» үйірмесінің мүшелері Нұрлан Нұрмағанбетов пен Ұлдана Әбубәкірова бұған дейін әлем елдерінде өткізілген халықаралық көрменің ерекшеліктері жайында айтты. Олар Халықаралық көрмелер бюросының өзіндік мұрасына айналған Лондондағы Хрусталь сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы мен Александр III көпірі, Мельбурндегі патшалық көрме павильондарының салынуы аталған елдерде өткізілген халықаралық көрменің жемісі екенін түсіндірді.
Соңынан шараға қатысушылар кітапханашылар ұйымдастырған «Экспо-2017» тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалады.

Роза ДӘУЛЕТОВА,
Ақтөбе қалалық жас натуралистер стансасының
қосымша білім беру педагогі.
Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button