Жаңалықтар

«Айгөлектің» шуағы

Жаздың шуақты күндері басталысымен-ақ балалар лагерьлері өз жұмысын бастады. Өз кезегінде Ақтөбе қаласындағы №13 орта мектеп те жылдағы дәстүр бойынша оқушылардың демалысын тиімді өткізуге бар күшін салып жатыр.

«Айгөлек» жазғы балалар алаңы балдырғандарға есігін айқара ашқан күні салтанатты жиын өткізіліп, балаларға арналған концерт ұйымдастырылды. Сонымен бірге, тәтті сыйлықтар таратылғанын айта кету керек. Мұндағы мақсат — жазғы каникулда жүрген ұл-қыздардың көңілін көтеріп, бойын сергіту.

Жалпы, мектеп жанынан ашылған балалар алаңында әр күн сайын бой шынықтыру жаттығулары ұйымдастырылып, түрлі спорттық ойындар өткізіледі. Бұған балалар да, ата-аналар дән риза. Біз, ата-аналар қауымы балалар алаңының құрылуына мұрындық болған аталған мектеп басшысы мен оның ұжымына алғысымызды білдіргіміз келеді.

 

Алтынай БАЛТОРҒАЕВА, ата-ана.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button