Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздердің маңызы

«Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттауға арналған семинар өтті. Оған мемлекеттік қызметкерлер мен жастар қатысты.

Шарада жоғарыда аталған ұйымның төрағасы Ғалымжан Байдербес, облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия мүшесі Еркін Құрманбектер сөз алып, елдің басты символдары туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ, олар жиналғандарға Елтаңба, Ту, Әнұран жөнінде сұрақтар қойып, артынша өздері толықтырып жауап беріп отырды.

Басқосуға Ойыл, Қобда аудандары ішкі саясат бөлімінің өкілдері де атсалысып, көтерілген тақырып бойынша өзінің ой-пікірлерін ортаға салды. Семинардың соңында жастардың мемлекеттік рәміздердің мән-маңызы турасындағы ұсыныс-тілектері де тыңдалды.

 

Алау АЙБЕКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button