Жаңалықтар

Мүгедектерге жасалған мүмкіндік

Қазіргі таңда мүгедектерді оңалту, оларды қоғамға кіріктіру мәселелеріне айрықша мән беріледі. Бұл ретте медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қызметкерлерінің еңбегі зор.  Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Әлия Низамутдинованы сөзге тартқан едік.

Қазір бұл бөлімде төрт маман жұмыс жасайды. Қандай жағдай болмасын, біз қарауымыздағы мүгедектерді ескерусіз қалдырған емеспіз. Өйткені қазіргі қоғамда мемлекет тарапынан оларға ерекше қамқорлық көрсетіледі. Біз медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту бағдарламасы арқылы жұмыс жасаймыз. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектер ел Үкіметі айқындаған тізім және тәртіп бойынша протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаның орындалуы, яғни мүгедектерді оңалтудың нәтижелері бөлім қызметкерлерінің жасап жатқан ісімен тікелей байланысты, — дейді Әлия Амангелдіқызы.   

Әлия Низамутдинова келтірген мәлімет бойынша, қазір дамыған елдерде мүгедектердің 40 пайызы, Қытайда жарымжан жандардың 80 пайызы жұмыс жасайтын көрінеді. Ол елімізде, оның ішінде облыста мүгедектерді оңалту мәселесі жоғары деңгейде орындалып жатқанын сөз етті. 

Қазір тұрғындардың жан-жақты ақпарат алуына мол мүмкіндігі бар. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға келгенге дейін науқас бойындағы ауруына байланысты бірнеше мекемеден тиісті құжаттар жинақтайды. Кейде сараптамалық қорытынды шығаруға мүмкіндік бермейтін, яғни жеткілікті негізделмеген диагнозбен жіберілген науқастар да бізге келіп жатады. Мұндай кезде оларға мән-жайды толық түсіндіруге тырысамыз. Қазақстан Республикасы «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңды іске асыру мақсатында Үкіметтің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі туралы» қаулысы шығарылған болатын. Қазір осы қаулы негізінде жұмыс жасаймыз, —  дейді Әлия Низамутдинова.  

Дәрігер мүгедектік тағайындау мерзіміне қатысты да сөз қозғады. Аталған қаулыға сәйкес, мүгедектік мерзімі мен еңбек қабілетінен айырылу дәрежесі куәландырылатын адамның оңалту әлеуетіне сәйкес жүргізілетін көрінеді.

 

Арайлым НҰРБАЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button