Басты жаңалықтар

МЫЗҒЫМАС ҚҰНДЫЛЫҚТАР СӨЗ БОЛДЫ

С.Бәйішев университетінің профессорлары мен оқытушылары студенттермен бірге жаңа Конституция жобасындағы негізгі нормалар мен өзгерістерді талқылады.
Кездесу барысында университет ректоры Ольга Лыгина студенттердің жаңа цифрлық технологияларды шапшаң меңгеріп, қазіргі заман талаптарына бейімделіп үлгергенін атап өтті.

– Елдің болашағы жастардың қолында. Сондықтан жаңа Конституция жобасындағы негізгі құндылықтармен мұқият танысып, олардың мәніне терең үңілулеріңізді сұраймын. Отбасы, денсаулық, өмір сүру құқығы, ар-намыс пен қадір-қасиет — мызғымас құндылықтар. Мұны біржола саналарыңызға сіңіріп алыңыздар, — деді Ольга Лыгина.
Жаңа жобаның мәнін Бәйішев университетінің профессоры, доцент, философия докторы (PhD) Шыңғыс Өтегенов нақтырақ түсіндірді.
– Бастапқыда жобаға тек толықтырулар енгізілуге тиіс болғанымен, мәтін мазмұнының 84 пайызы өзгеріске ұшырап, жаңа Конституция жобасы жасалғандықтан референдум өткізу туралы шешім қабылданды, — дейді ғалым.

Шыңғыс Өтегенов бір палаталы парламент туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқанын еске түсірді.
Сондай-ақ спикер жиналғандарды жаңа Конституция жобасындағы негізгі ережелермен таныстырды. Мәселен, «Қазақстанның біртұтас халқы» ұғымы енгізіледі. Мемлекеттің унитарлық сипаты, оның мызғымас шекарасы және аумақтық тұтастығы бекітіледі.

– Преамбулада «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң және тәртіп» қағидатының бекітілуіне ерекше тоқталған жөн. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның құқықтық мемлекет болуға ұмтылысын, азаматтардың құқығы мен бостандығының бұлжымай сақталуын білдіреді, — деді ол.

Дәулет КЕРЕЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button