Басты жаңалықтар

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛЕШЕККЕ ДЕГЕН СЕНІМ КЕРЕК

Сұлушаш ХАКИМОВА,
С.Бәйішев атындағы облыстық
әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры

Мемлекеттік мүдде мен ұлттық ерекшеліктерді ұштастырып, жаңа реформалар жасалып жатқаны көңіл қуантады. Оң өзгерістер, жан-жақты бағамдалған бетбұрыстар елді жаңа кезеңдерге, нақты нәтижелерге жеткізетініне сенім мол.
Ата Заңдағы «Жалпы ережелер» бөлімі атауының «Конституциялық құрылыстың негіздері» болып өзгеруі — мемлекеттіліктің терең де берік тамырлы болуына, қоғамның құқықтық сауаттылыққа ұмтылысын көздейтін қадам.
Неке туралы нормаға көз жүгіртсек, мұнда «Неке — ер мен әйелдің заңға сәйкес мемлекет тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деп қарастырылады. Заңды басшылыққа алу қоғамда ер мен әйел теңдігін орнатуға ықпал етеді.
Бағзы замандардан ұлттық тәрбиенің қуатымен тамырымызға сіңіп қалған ұстаным — адал еңбек. Жоғарыда атап өткенімдей, мемлекеттік мүдде мен ұлттық ерекшеліктердің тоғысар тұсы да осы. Яғни Ата Заңдағы әр өзгеріс ұлттық салт-санадан ажырамай, жаңа заманның талап-сұранысын ескере отырып жасалатынын аңғартады. Сондықтан Конституцияның тағы бір қолдайтын салмақты тұсы — «Еңбек құқығын тұжырымдауды нақтылау».
Жалпы, бұл реформаның ел тіршілігінің оң бағытқа бет алуына, халықтық құндылықтардың сақталуына үлес-салмағы зор. Мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселелердің оң шешім табуына ықпал етіп, тұрақтылық пен келешекке деген сенімді қалыптастыратын өзгерістерді қашанда қолдау қажет.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button