Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысында туризмді дамытуға арналған жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асады

Өңірде халықаралық туристік әлеуетті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мәліметінше 2025 жылы Ақтөбе облысына 233 мың турист келген. Оның ішінде шетелдік туристер саны 14 мың адамды құрады. Облыс аумағында барлығы 46 туристік нысан бар. Оның ішінде сауықтыру туризміне арналған 3 санаторий-профилактикалық орталық және 8 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. Атап айтқанда: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты, «Эбита», «Орқаш», «Көкжиде-Құмжарған», «Мәртөк», «Қобда», «Озерный», «Ойыл» қорықтары мен қорықшалары және басқа да нысандар.

Басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетовтың айтуынша облыста туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Қазіргі уақытта «Досжан ишан Әзірет» мемориалдық кешеніне, «Қасқыр сарқырамасына» және «Абат-Байтақ» кесенесіне апаратын автомобиль жолдарының құрылысы жүргізілуде. Аталған жұмыстарды 2026 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар Байғанин ауданындағы «Ақтолағай» бор таулары аумағында шағын авиациялық пункт салу жобасы пысықталуда. Туристік нысан облыс орталығынан 446 шақырым қашықтықта орналасқан. Осындай жобаларды Шалқар және Ырғыз аудандарында да жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туристік нысандардың көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button