ЖАҢАДАН ЖАҚСЫЛЫҚ КҮТЕМІЗ


Конституциялық реформа елдің құқықтық және әлеуметтік жүйесін жаңғыртуға бағытталып отыр. Бұл өзгеріс медицина саласына да тікелей әсер етіп, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы конституциялық құқығын қорғауды күшейтеді. Бұл Конституциялық жобада медициналық құқық туралы егжей-тегжей өзгертулер мәтіні жарияланбағанымен, реформаның жалпы адами құқықтар мен әлеуметтік кепілдемелерді кеңейту тенденциясы жазылған. Сондықтан реформаланатын әлеуметтік құқықтар аясындағы медициналық құқық пен денсаулық сақтау саласы назардан тыс қалмайды.
Сондай-ақ биыл Президент тапсырмаларын орындау аясында медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау күшейтіліп жатыр.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін бөлек қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
Сондай-ақ олардың әлеуметтік құқықтарына кепілдік күшейтіледі.
Бұл — медициналық құқық тұрғысынан маңызды қадам. Себебі
медицина қызметкерлері енді өздерінің кәсіби қызметін қорғау үшін конституциялық және құқықтық негізге және қосымша кепілдіктерге ие болады.
Шынар ЖАРЖАНОВА,
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
медициналық университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі.



