ДАМУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ


Жаңа Конституцияның жобасын ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды стратегиялық құжат деп санаймын. Аталған конституциялық реформа әділеттілік, ашықтық және халықтың ел басқарудағы рөлін арттыру қағидаттарына негізделген.
Еліміздің басты құжатының жаңа жобасы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара тежемелік тетіктерін нақтылайды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтады, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды басты орынға қойып, білім беру, әлеуметтік әділдік және қоғамдық жауапкершілік ұғымдарын жаңа сапалық деңгейге көтереді.
Ең бастысы, Конституция — тек заңгерлерге арналған құжат емес, әрбір азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін қоғамдық келісім. Осы тұрғыдан алғанда, бұл реформа қоғамның барлық саласына, соның ішінде білім беру жүйесіне де оң ықпал етеді деп сенемін.
Жаңа Конституция — күшті мемлекеттік институттар, жауапты қоғам және саналы ұрпақ қалыптастырудың берік негізі.
Шынар ЖЕТКЕРГЕНОВА,
Ақтөбе қаласындағы балалар мен жасөспірімдер
шығармашылығы орталығының директоры



