Жаңалықтар

Ақтөбеге жаңа автобустар жеткізілді

Жолаушы тасымалы

Ақтөбе қаласына «Yutong» маркалы жаңа автобустар әкелінді. Олар №8 және №23 қоғамдық көлік бағыттарында қызмет көрсетеді.

Қала көшелерінде жүрген №8 маршруттағы автобустар «Әуежай қалашығы — Тұрғындар қалашығы», ал №23 маршруттағы қоғамдық көліктер «Қызылжар  —Орталық базар» бағыттары бойынша қатынайды.Аталған бағыттардағы автобустардың тозуына байланысты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жаңа тасымалдаушы компанияны анықтау үшін конкурс жариялаған болатын. Нәтижесінде конкурс жеңімпазы ретінде бұған дейін Алматы, Жетісу және Талдықорған қалаларында қызмет көрсеткен «ТКЖТК» ЖШС танылды. Компания екі бағытқа жалпы саны 21 автобус әкелді.

Жаңа автобустарымыз «Yutong» маркалы, сығымдалған табиғи газбен жүреді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы орындары, пандусы, бейнебақылау камералары бар. 56 орындық орта сыйымдылықтағы көліктер — отандық автобустар. Қазіргі таңда жаңа автобустар өз бағыттары бойынша қатынап жатыр. Қала тұрғындарының көңілінен шығу үшін бар күшімізді саламыз, — деді «ТКЖТК» ЖШС Ақтөбедегі филиалының директоры Талғат Жұмағалиев.

Жыл басынан бері қалаға «РТТ групп» ЖШС 8 электробус әкелсе, ал «Қала транс» ЖШС жақын күндері 37 электробус жеткізбек. Қала әкімдігі қоғамдық көлік паркін кезең-кезеңімен жаңарту туралы талап қойып отыр.

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button