Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет – Тоқаев

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

– Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда, Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, «отаншылмын, патриотпын» деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ. Қазір қоғамда «Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?» деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент заңның түпкі мәнін терең түсіну маңызды екенін айтты.

– Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президенттің пайымынша, Қазақстан еңбексүйгіш азаматтар елі, Әділет, Заң және Тәртіп аумағы болуы керек.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button