Жұмысшы мамандықтары жылы

Заманауи құзырет орталығы ашылды

Заманауи құзырет орталығы – тау-кен өндірісіндегі кәсіби білім беру тәсілін өзгертетін жаңа алаң. Материалдық-техникалық базаны жабдықтауға 115 миллион теңгеден астам инвестиция бағытталған.

Орталық екі негізгі компонентті қамтиды: VR-зертхана және тау-кен машиналары мен кешендерінің зертханасы. Заманауи технологиялардың арқасында оқушылар енді шахталар мен өндірістік алаңдардағы жұмысты модельдей отырып, виртуалды түрде кәсіби тапсырмаларды орындай алады. Кең ауқымды бағдарламалық тізімі бар VR-көзілдіріктері білім алушыларға оқу аудиториясынан шықпай-ақ, түрлі өндірістік процестерге енуге және кәсіби дағдыларды меңгеруге ықпал етеді.

Аталған жоба ERG компаниясының тікелей қолдауымен жүзеге асырылды. Жаңа зертханалар сегіз мамандық бойынша, соның ішінде жерасты кен орындарын игеру, жерасты құрылыстарын салу және электр жабдықтарын оқыту үшін пайдаланылады. Хромтау колледжі бірнеше ондаған жылдар бойы өндіріске мамандар даярлайтын «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының серіктесі.

— Бұл тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы нағыз серпіліс. Біз ERG компаниясына колледжіміздің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреміз. Енді оқушыларымыз заманауи зертханаларда оқитын болады. Бұл оларды еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ете түспек, — дейді колледж директоры Бағдаш Молдашева.

Құзырет орталығының салтанатты ашылуына ERG компаниясы мен Дөң тау-кен байыту комбинатының өкілдері, колледж басшылығы, оқытушылар мен оқушылар және жергілікті билік өкілдері қатысты.

Заманауи кабинеттерді облыс әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында ERG компаниясы жөндеп, жабдықтап берді.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button