МерекеМәдениет

«Көктем басы — көрісу»

14 наурыз күні «Қазақ халқына мың алғыс» стеласында «Көрісу — көктем басы» мерекелік театрландырылған қойылымы өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, қоғамдық ұйым өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдары мен қала тұрғындары қатысты.

Аталған стела маңына төрт киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. Ұлттық ойындардан жарыс өтіп, қолөнер және ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырылды.
Терме бау тоқитын Қалимаш Керімбердиева — жыл сайын көрмеге қатысатын қала тұрғыны. Ол киіз үй жабдықтарын жасауды бала кезінен меңгерген.
Анамнан үйренген өнерім мені шығармашылыққа жетеледі. 40 жылдан бері осы қолөнермен айналысып келемін. Жыл сайын қалада өтетін жәрмеңке, көрмелерге қатысамын. Қазіргі таңда зейнет демалысындамын. Қолөнер бұйымдарын жасауды келіндерім мен немерелеріме үйретіп жүрмін. Осы өнер әулетіміздің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын дәстүрі болса екен деген ниетім бар, — деді Қ.Керімбердиева.
Қойылымғажеті қаладағы Мәдениет үйінің үш жүзге жуық өнерпазы қатысты.Олар «Қыз Жібек» қойылымынан үзінді көрсетіп, көрісу мерекесін ән-бимен көркемдеді. Билер бата беріп, әжелер шашу шашты. Қойылым режиссері — Гүлвира Біржанова. Мерекелік қойылым концерттік бағдарламамен жалғасты.

А.АЛТЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button