Отандық өндіріс ірі бизнеспен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасауы керек

Надежда Шабаева, «ПО Global арнайы киім» ЖШС басшысы, салалық кеңес төрағасы, Ақтөбе облысы бойынша облыстық кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы ЖКҚ отандық кәсіпорындар одағының төрайымы:
– Мемлекет басшысының Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайдың төртінші отврысында айтқан сөздерінің көбі өзекті де мәнді. Тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде мен ең алдымен бизнеске қатысты тақырыптарға назар аударамын.
Қасым-Жомарт Кемелұлының жағдайды жақсы түсінетіні белгілі болды. Атап айтқанда, елде салық оффшорының кейпін тудырған түрлі режимдер, көптеген жеңілдіктер мен преференциялар бар екеніне назар аударды. Кәсіпкерлердің екі негізгі тобы пайда болды: заңнамадағы олқылықтарды пайдалана отырып, салық салу базасын қысқартуға мүмкіндік алғандар және барлық салықты адал төлейтіндер. Ал екінші топтағы кәсіпкерлер, әрине, бәсекеге қабілеттілігі төмен болып шықты». Осыған байланысты заңнамаға өзгерістер енгізілуде, мен онымен толық келісемін. Ал бұл мәселе әділ көзқарасты қажет етеді.
Ендігі мәселе – кәсіптік-техникалық колледждерді еңбек нарығындағы жағдайға бейімдеу, бұл біздің тігін өнеркәсібіміз үшін де өзекті. Бұл арада біз қолөнершілерді өндірісте оқытуға мәжбүрміз; Өнімдеріміздің жоғары сапалы және ерекше болуын қамтамасыз ету үшін біз өзіне тән емес жүкті көтеруге мәжбүр болдық. Біздің шеберханаларда жұмыс күші барынша тартылған. Біздің компанияда 200-ден астам адам жұмыс істейді және біздің басымдылығымыз әлеуметтік жағынан осал адамдарды, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету екенін атап өткім келеді. Біз оларға кәсіп бере отырып, ақша табуға мүмкіндік береміз.
Міне, сегіз жылдан бері лайықты жас кадрларды дайындауға күш салып келеміз. Біз өз кезегінде зейнеткерлік жасқа жеткен жұмысшы әйелдерге лайықты өмір сүріп, балаларына көмектесу үшін қолайлы жағдайда басқа да мүмкін болатын жұмыстарды ұсынамыз.
Сондай-ақ, бүгінгі күрделі жағдайда отандық өндіріс ірі бизнеспен ұзақ мерзімді келісім-шарттар болған жағдайда ғана өмір сүріп, дами алатынын атап өткім келеді. Сонымен қатар, біз Қазақстан Республикасындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын дәйекті түрде ұстанамыз.