Пікір

Сапасыз өнімге тоқтау керек

Орал-Қосай БАЙСЕҢГІР.
ҚР мәдениет саласының үздігі

Театр және кино саласындағы жағымды жаңалықтарға сүйініп, жағымсыз жағына күйініп отыратын көрерменнің бірімін. Өзім де өнер саласында қызмет еткендіктен, бұл саланың қызығы мен қиындығын бір кісідей білемін. Кей жағдайда бұл саланың атқарған жұмысын бағалайтын және алдын-ала қадағалайтын арнайы мамандардан құралған қоғамдық кеңес керек екені байқалады. Сахнаға немесе экранға шығып кеткен соң айтылған сынның әсері болмайды. Өйткені, интернет желісі арқылы таралатын дүниеге тоқтау салу қиын. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген сөз, бүгінгі күні театр мен кино әлеміне арналғандай. Орынсыз әзіл, дарақы музыкамен көмкерілген сапасыз өнімдерге тоқтау салуымыз керек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button