Пікір

Кез-келген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі болады

Сайлау Қамиев, Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық театрының директоры.

Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысының өнер туралы, оның ішінде театр мен кино тақырыбын қозғауы көңілге қуаныш ұялатады. Кино индустрия – ол бизнес. Ал кез-келген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі болады. Президенттің айтып отырған қазіргі экранымыздағы жүгенсіздікті тию, жеке кинокомпанияларға өз өнімдеріне жауапкершілікпен қарауға үндеуі өте дұрыс болды! Ал театр өнеріне жеке сектордың көңіл бөліп, демеушілік жасап қана қоймай рухани дамып, материалдық пайда көзіне де айналдыруға болатынын атап өтті. Шынында театрға деген халықтың сұранысы жыл санап өсіп келеді. Халықаралық деңгейде сұранысқа ие театр режиссерлеріміз баршылық. Сол режиссерлер мен мықты театрларға продюссерлік жасап, театр билеттері бізден жиырма, отыз есе қымбат елдерге спектакльдерімізді көрсетсе! Бүгінгі Ұлттық құрылтайдағы Президентіміздің сөзі осы салада еңбек етіп жүрген барша әріптестерімді шабыттандырғаны сөзсіз! Ұлыс оң болсын! Еліміз аман болсын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button