Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі

Тәрбие
Ақтөбе өнеркәсіп технологиялар колледжінде қыз балаларға арналған «Отбасы және дәстүр. Қазақ қызының асыл болмысы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге педагог, медиатор, Жоғарғы Сот төсбелгісінің иегері Бибігүл Әбдішүкірқызы, «Геолог» мәдениет үйінің жанынан құрылған «Шолпы» қыздар клубының жетекшісі Бибігүл Жақсыбайқызы қатысты.
Колледж басшысы Таңжарық Қыдырбаев алғы сөз сөйлеп, нәзік жандыларды мерекемен құттықтады.
Қазақ қызының бойындағы патриоттық сезім мен рухани тәрбиені қалыптастыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қазақ қызының асыл бейнесін насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған іс-шараға колледж оқушылары белсене қатысты. Арнайы келген меймандар тақырыпқа сәйкес мағыналы әңгімелер айтып, қыз бала тәрбиесінің маңыздылығын атап өтті.
—Қазақ отбасында тәрбиенің маңызы зор. Ата-ананың міндеті — жас ұрпақты әдет-ғұрыпты құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерді, үлкенді сыйлау тәрізді өнегені бойына сіңіруге үйрету. Әсіресехалқымызда қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қазақ қоғамында қыз баланың орны әрқашан жоғары бағаланып, оған жауапкершілік жүктеледі, — деді Б.Әбдішүкірқызы.
Мадина ТЫНЫМЖАН,
Ақтөбе өнеркәсіп технологиялар колледжінің тәрбие орынбасары.
Ақтөбе қаласы.