Мерей

Айтары көп ағартушы

Өнеге

Ұлағатты ұстаз Қуаныш Сқақұлы Айтқұлов алда жетпіс бес жасқа толмақшы.

Біздің айтайық дегеніміз — осы белеске елге құрметті ардагер ағаның қалай келгендігі туралы.

Ырғыз өңірінің өнегелі перзенті өзінің бар ғұмырын балаларды тəрбиелеу, жаратылыстану пəнін оқыту жəне ағартушылық қызметпен айналысуға арнады.

Жоғары оқу орнын бітіріп, елге дипломмен келген жас маман еңбек жолын қатардағы мұғалімдіктен бастады. Ырғыз өңірінің білім мекемесінде мектеп инспекторы болды, педагогикалық оң тəжірибе жинақтады.

Кəсіби біліктілігі жоғары маман аудандағы бірнеше мектептерде директорлық қызмет атқарды.

Ол Ыбырай Алтынсарин атындағы үлгі-тірек мектебіне басшылық жасаған тұсында көптеген жақсы жаңалықтарды, оң өзгерістерді шығармашылықпен жүзеге асырды. Мұғалімдерді, тіпті шәкірттерді де тың ойларға, жаңашыл қадамдарға ынталандыра білді. Мектепте білім беру сапасы жақсара түсті. Осының бәрі ескерілген болуы керек, оны басшылықЫрғыз аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушілігіне жоғарылатты.Біздің жадымызда сақталып қалған жай — Қуаныш ағай басшылық жасаған кезеңде Ырғыздағы мектептердің материалдық базасы нығая түсті, мұғалімдердің методикалық əдістерін жетілдірдіруге жол салынды, оқушылардың білім сапасы жоғарылады, мектептердің ата-аналармен байланысы жақсартылды, балалардың жазғы еңбек жəне демалыс уақыттары мазмұнды өткізілді.

Сол уақыттағы республикамыздағы ең жас меңгеруші саналатын ол үлгілі іс-қимылдары үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

Халық сенімін арқалаған жас кадр аудандық мəслихаттың депутаты болып сайланды жəне қалаулылардың дауысымен сайланбалы органның хатшысы болып бекітілді.

Мәслихат хатшысы бола жүріп, шалғай ауданының əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына белсенді атсалысты.Жұртшылықпен тығыз байланыс орнатып, кезекті жиындарда ауыл мəселелерінің шешілуіне ықпал жасады.Елдің азық-түлік, қатынас пен дəрігерлік қамқорлау істері дамытылды.

Бүгінде зейнеткерлікке шыққан ақылман аға өз тəжірибесін ұдайы жастармен бөлісіп келеді, оларды өнегелі жолда тəрбиелеу мақсатында бос уақытын кітап жазуға арнайды. Осындай ізгі ниетпен«Хал-ахуал», «Дəм», «Жүрекмекен» жəне «Үзеңгілес» атты өсиетнамалары жарық көріп, елдегі кітапханаларға таратылды.

Тәжірибелі тәлімгердің жариялы жазбаларын əлеуметтік желілерде,«Үзеңгілестер», «Тағдыр тағылымы», «Оқы, пайдалан» чаттарында мыңдаған оқырмандары өзара бөлісіп, пайдалануда.

Ұстаздың ағартушылығыназамандастары, əріптестері мен ізбасарларының разылығында шек жоқ.

Адал еңбек етудің үлгісін көрсеткен қадірменді ағамыз осындай кісі.

Нұрлыбек ЖҮСІПОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button