Темір ауданы бойынша 2024 жылғы атқарылған жұмыстар мен жетістіктер туралы
Әкімшілік аумақтық бөлініс
Бүгінде ауданымызда 1 қала мен 10 ауылдық округке қарасты 24 елді мекен бар.Тұрғындар саны 35 мың 271, 2023 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 99% құрады (564 адамға азайған).
.Оның ішінде,17 мың 112 адам, яғни 48,5% экономикалық белсенділер санатына жатады.
2024 жылдың 10 айындағы аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер төмендегідей болды:
-өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлемі индексі – 95,9%.
– негізгі капиталға тартылғанин вестиция көлемі 30,0 млрд теңге немесе өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 43,1 % құрады. /01.11.2023 .- 19,5 млрд теңге – 101,4% /.
– ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы өнім көлемі 19,6 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлемінің индексі 100,2% құрады. /01.11.2023 .- 19,5 млрд теңге – 101,4% /.
– құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5 млрд. тенгені құрады немесе нақты көлемінің индексі 111,2%./01.11.2023 .- 9,7 млрд теңге –102,8% /.
-тұрғын үй салу және тапсыру көлемі 17889 шаршы метрді құрады немесе 106,2 %./01.11.2023 .- 17884 ш.м.- 100,3% /.
– бөлшек сауда айналымы 4,3 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 111,2 %. /01.11.2023 .- 3,69 млрд теңге – 99,5% /.
– тіркелген жұмыссыздық деңгейі -1481 адам немесе 8,5 %-ды құрады /01.11.2024 ж./
-шағын және орта бизнеспен айналысатын белсенді субъектілердің саны 2567 немесе 90,5%. /01.11.2023 .2836– 101,5 %/.
-бюджеттің кіріс бөлігі 9,9 млрд теңге немесе 101,3%-ды құрады.
-бюджеттің шығы бөлігі 9,0 млрд теңге немесе 79.8 %-ды құрады.
Жалпы құны – 173,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді./01.11.2023 .-167,4 млрд. тг.-93, 8%/.
-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 167,0 млрд. теңге немесе 95,2%./01.11.2023 .-163,07 млрд. тг.-93, 3%/.
– өңдеу өнеркәсібі 697,1 млн. теңге немесе100,1 %,/01.11.2023 .-622,. млн. теңге -119,7 % /.
электрмен жабдықтау 4,9 млрд. теңге немесе131,2%,
/01.11.2023 .- 2,89 млрд.теңге -110,4% /.
– сумен жабдықтау 648,3 млн. теңге немесе118,1 %.
/01.11.2023 .- 825,3 млн. теңге – 87,1 % /.
-көтерме сауда айналымы – 2,22 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,4 %. /01.11.2023 .- 2,28 млрд теңге – 101,5% /.
– жаңа жұмыс орындарын құру -1 384 бірлік, нақты көлем индексі 78,0 %. ./01.11.2023 .- 1 533 бірлік –107,0% /.
Орындалмау себебі- былтырғы жылға қарағанда жоспар бойынша 327 орынға артық белгіленіп тұр. 12 айдың қорытындысымен 90 пайызға орындау жоспарланып отыр.
Таза ауыз сумен қамтылу деңгейі
Тұрғындардың 99%, елді мекендердің 59%-ы орталықтандырылған ауыз сумен 14 елді мекен.
Таза ауыз сумен қамтылмаған елді мекен – Еңбекші а.
Таза ауыз су мен қамтылу деңгейі – 23 елді мекен(96,0 %) /34881 (99,0 %) тұрғын.
Газбен қамту
Тұрғындардың 96%, елді мекендердің 62,5 % (15 елді мекен) көгілдір отынмен қамтылған. Үстіміздегі жылы Алтықарасу, Еңбекші ауылдары газдандырылды, қазіргі таңда Шығырлы және Ащысай елді-мекендерінің газ желілерінің құрылысының жобалық – сметалық құжаттамасы сараптамадан өтті. Жоба құны-488,6 млн.теңге. Газдандырылған елді мекендердің көрсеткішін – 15 елді-мекен (62,5%) / 34 380 адам (98 %).
Жолдар
1. Автомобиль жолдарының қашықтығы – 421,245 шм. Оның ішінде, республикалық – 75 шақырым, облыстық – 253 шақырым, аудандық маңызы бар- 81,919 шақырым.
2024 жылы 33 км 349 метр (1млрд 248 млн) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді:
2024 жылдың аяғына аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық деңгейінің үлесі – 54 ,804 км /67 % құрап отыр (2023 ж. – 43,4 км/53% ).
Ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы бойынша 9 жоба жүргізідуде. / 3 млрд. 212 млн. теңге/, қазіргі таңда 7-і аяқталды.
Тұрғын үй саласы
Аудан бойынша тұрғын үй қорынан 2022 жылы 2 үй, 2023 жылы- 26 үй, 2024 жылы – 2 үй көп балалы аналарға, әлеуметтік әлсіз топтары мен бюджеттік мекеме қыметкерлеріне берілді.
Тұрғын үй кезегінде 2022 жылы 561 адам, 2023 жылы 445 адам, 2024 жылы 399 адамды құрады.
Оның ішінде; көп балалы ана- 130 , жетім балалар- 60, әлеуметтік әлсіз топ- 139, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер-62, апаттық үйі барлар- 8.
2024 жылы Шұбарқұдық кентінде 16 пәтерлік 2 қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталды. 60 пәтерлік екі 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры мен сыртқы келбетіне жөңдеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жоба құны-1 млрд. 510 млн. теңге.
Жер қатынастары саласы
Ауданның жер көлемі 1 261 954 га жер, оның ішнде қосалқы жер көлемі- 231 506 га жер.
2024 жылы аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысына 10 000 шаршы метр жер учаскесі табысталды.
Ауылшаруашылығы мақсатында конкурс арқылы көлемі 15042 га жер шаруашылықтарға табысталды.
Ұтымсыз пайдаланылған жер телімдері бойынша ағымдағы жылы жоспардағы 8000 га. жердің 3587 га. ауылшаруашылық жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.
01.11.2024 ж. мәлімет бойынша ауданда тұрғын үй салу үшін жер кезегінде 1366 адам тұр. Оның ішінде, Шұбарқұдық кентінде 1133 адам және Кенқияқ кенінде 233 адам.
Білім беру саласы
Ауданда 27 жалпы білім беретін мектеп, 4 қосымша білім беру ұйымдары, 13 мемлекеттік және 4 жеке балабақша жұмыс жасайды.
Аудан бойынша 1082 педагог бар. Жаңа оқу жылында 7 432 оқушы қамтылып, 2023 ж. салыстырғанда 13 оқушыға артты (2023 ж. 7419 оқушы).
Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі мекемелерде 1 мың 172 бала, шағын орталықтарда 428 бала,мектеп алды даярлық сыныптарда 745 тәрбиеленеді.
Ауданда 3-6 жас арасындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылуы 100%.
Жазғы демалыс кезеңінде млн теңге 22 млн 62 мың 800 теңге қаржыға 555 бала лагермен қамтылды.
Сондай-ақ, 949 бала, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 747 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
2024 жылы Шұбарқұдық кентінде 150 орындық және 70 орындық жеке балабақша ашылады.
2024 жылы Алтықарасу мектеп –балабақшасына, Шұбарқұдық кентіндегі «Қызылжар» жалпы орта білім беретін мектебіне және «Айгөлек» бала бақшасына күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Шұбарқұдық және Кенқияқ елді мекендерінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық мектеп құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Аталған мектептердің құрылысы 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Мәдениет саласы
Мәдениет саласында 28 мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда 1 музей, 14 кітапхана, 13 мәдениет ошағы бар.
Есепті кезеңде 160-қа жуық мәдени, көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды, шараға 8680 адам қатысты. Нұрпейіс Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйі мен оған қарасты мәдениет мекемелерінде 75 үйірме жұмыс жасайды және үйірме бойынша 604 қатысушы қамтылған.
Темір аудандық музейдің жоспарына сәйкес жыл басынан бері 29 іс-шара, 209 экскурсия, 28 көрме және 30 дәріс (лекция) ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласында 24 мекеме қызмет көрсетеді.
Ауданда 1 аудандық және 1 ауылдық аурухана, 1 емхана, 5 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық және 2 фельдшерлік акушерлік пункттері бар. 74 дәрігер, 278 медбике жұмыс атқаруда. 4 жедел жәрдем, 18 санитарлық, 5 санитарлық емес және 2 Камаз көлігімен қамтылған.
Ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.
Туберкулезден өлім тіркелген жоқ.
Спорт саласы
Ауданда барлық спорт залдар, алаңдар, кордтарды қосып есептегенде 71 спорт нысандары қызмет көрсетеді.
Бүгінде 18 спорт түрінен 84 үйірме жұмыс жасайды.
Темір балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Кеңкияқ балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бойынша қазіргі таңда 18 спорт үйірмесінде 1410 оқушыға 61 жаттықтырушы, 6 әдіскер және 24 спорт нұсқаушысы дәріс береді. Спорт түрлері – 12. Олимпиадалық – 7 (футбол, волейбол, еркін күрес, бокс, дзюдо, үстел теннисі, жеңіл атлетика). Олимпиадалық емес – 5 (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, самбо, гир спорты, шахмат)..
Аудан тұрғындарының 46,3 пайызы немесе 16 587 адам спортпен шұғылданады.
Шығырлы ауылында демеушіліктің көмегімен жоба құны 22,0 млн. теңге болатын шағын футбол алаңы салынды.
Шұбарқұдық кентінде жабық жүзу бассейнінің құрылысын салу жұмыстары жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Темір қаласында дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. Келісім шарт сомасы 488032,7 мың теңге. Мердігер «Стронеф» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Әлеуметтік сала
Темір ауданы бойынша 2024 жылға 1772 жаңа жұмыс орнын құру жоспарда. 10 айдың қорытындысы бойынша 1350 орын ашылды, 76 пайызға орындалып отыр. Тұрақты жұмыс орны- 217. Уақытша жұмыс орны -1133.
2024 жылғы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 6 рет өткізіліп, 55 жұмыс беруші қатысты. Бұл жәрмеңкелерге 141 адам қатысып, оның ішінде 87 адам түрлі жұмыспен қамту шараларына тартылды.
2024 жылдың 1 қаңтарына ауданда 915 мүгедек бар оның ішінде балалар – 166.
(1 топ – 60, 2 топ 393, 3 топ – 462)
2023 жылы «Инватакси» қызметін көрсету үшін 8890,0 мың теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы 13734,0 қаржы бөлініп, бүгінгі таңда келісім-шарт жасалып жұмыстар жүргізілуде
Ауыл шаруашылығы
Ауылшаруашылығы саласында 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 14 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі, 339 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.
10 айдың қорытындысымен ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 19 млрд 620 млн теңге немесе 100,2% құрайды деп жоспарлануда. Жыл соңына дейін 20 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін өндіру міндеті тұр.
Ауданда 44 мың 913 бас ірі қара, 86 мың 771 бас қой –ешкі, 23 мың 511 бас жылқы және 453 бас түйе бар.
Ауданға асыл тұқымды ірі қара мал басын 2929 –ға жеткізу тапсырмасы беріліп, қазіргі уақытта 4258 бас асыл тұқымды ірі қара мал басына жетіп, жоспар 145,3 %-ға жетіп отыр.
2024 жылы аудан бойынша 3788 га жерге егіс егілді. Оның ішінде 600 га жерге дәнді-дақылдар, 3000 га жерге мал азығы дақылдары, 188 га жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Одан 600 га дәнді-дақылдан, 630 тонна, 88 га картоптан 1497 тонна, 60 га көкөністен 761 тонна, 40 га бақша дақылдарынан 555 тонна өнім алынды.
2024-2025 жылғы мал қыстату кезеңіне 230572 тонна мал азығы дайындалды.
Шағын және орта бизнес
Ағымдағы жылдың 10 айдың қорытындысымен шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2690 бірлікті құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 89,6% төмендеді. (01.11.2023 жылға 3002 бірлік).
2024 жылдың 10 айында 14 жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды немесе 140 %-ды құрады. /01.11.2023 ж. 10 бірлік немесе 100% /
2024 жылы шағын және орта бизнес субьектілерімен өндірілген өнім көлемі 7 859 млн. теңге немесе 126,2 %-ды құрады. /2023 жылы 5 768 млн. теңгенің өнімі өндірілді/
Бөлшекті сауданың көлемі 4 млрд 317 млн теңге немесе 111,2% құрады. (2023 жылы 3 млрд 693 млн теңге немесе 99,5 %)..
Ауыл аманаты
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2024 жылы, барлығы 658 316,0 мың.теңгеге 94 несие алуға құжаттарын тапсырып, 76 жоба 515 421,0 мың теңгеге қаражатын алды,
13 жобаның 102 535,0 мың теңгеге құжаттары мақұлданды,
40 360,0 мың теңгеге 5 жобаның құжаттары комиссия қарауында тұр.
Оның ішінде:
– 63 жоба мал шаруашылығына – 471 679,0 мың.теңгеге,
– 1 жоба құс шаруашылығына -4 240,0 мың теңгеге,
– 30 жоба шағын бизнеске -182 397,0 мың теңге несие алып отыр.
Ұялы байланыс және интернет желісі
Қазіргі таңда Темір ауданында 24 елді мекеннің 22-і мобильді ұялы байланыс интернетімен қамтылған немесе 92%.
Жастар саясаты
Ауданда 9 223 жас бар, бұл тұрғындардың 27% құрайды. Есепті кезеңде 94 іс-шара ұйымдастырылып, 8037 жас қамтылды. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан «Шапағат» еріктілер тобы құрылды.
Әкімшілік – аумақтық бөлініс
Шұбарши ауылдық округін Саркөл ауылдық округіне қосу жұмыстары жүргізілді. Орталығы-Шұбарши ауылы.
Қоғаммен байланыс
Тұрғындармен тығыз байланысқан жолға қойылған. Жыл басынан бері 21 рет әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир өткізілді. Аптаның әр төртінші күні жеке қабылдау ұйымдастырылады.Ай сайын қала және ауылдық округтерде қоғамдық қабылдаулар өтеді.Барлығы 904 арыз-шағым түсіп, оның ішінде, ауыртпалық акт – 156, 295-і қанағаттандырылды, 205-і ауызша түсіндірілді.