АЭС

Бұл – өркениетті елдер қатарына қосылудың тура жолы

Айтбай БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ,
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

– Алдағы референдумда еліміз үшін саяси да, экономикалық та, əлеуметтік те аса маңызды мəселе күн тəртібіне қойылып отыр. Пікір білдірушілер арасында АЭС керек деушілер де, оған қарсылар да бар. Қарсы топты да түсінуге болады, өйткені халқымыз ядролық сынақтар зардабын Семей, Азғыр полигондары арқылы біледі. Алайда елімізде өндірістің дамуына, халық санының өсуіне байланысты энергия көзін тұтыну жыл сайын өсіп келеді. Ондай қажеттіліктерді өтеудің бір ғана жолы – атом электр стансасын салу. Бұл – əлемнің ең дамыған елдерінің тəжірибесі. Бүгінде Түркия, Бангладеш, Беларус, Мысыр, Біріккен Араб Әмірлігі елдері атом стансаларын салып жатыр. Ешбір ел миллиардтаған қаржыны қажет ететін атом стансаларын еріккеннен салмайтыны анық. Радиофобияға салынудан арылу керек, өйткені ғалымдар пікірінше, қазіргі реакторлар қауіпсіз. Еліміз əлемдегі уран қоры ең көп мемлекет, ал сол уранды ел игілігіне тұтыну арқылы өркениетті елдер қатарына қосылуымыздың ең тура жолы – АЭС салу болмақ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button