Су тасқыны

«Балам, ауыл түгел суға кетті»: ұлына жан тебірентер хабарлама жолдаған тұрғын үйлі болды

«Қалайсың балам, амансың ба? Әй, ауыл кетті, түгел кетті. Үй де кетті. Үйдің құлағанын көзіммен көрдім ғой. Балабақшаның төбесінде шығып қарап тұрдық. Ауылдың бүкіл үйі құлады. Қойлар тәтенің үйінде, Ойылда. Сиырлар Барқында, ат Барқында (Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы құмды алқап – ред.). …Аман-есен. Бірақ үйді көзіммен көрдім, құлағанын. Дым қалған жоқ. Опырылып, судың ішіне түсті. Су шатырға жетті ғой. Аман болайық, деніміз сау болсын».

Бұл Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Екпетал ауылының тұрғыны Самат Бисенбиннің өзінен үш-төрт күннен бері хабар ала алмай отырған ұлы Тұрарға жіберген аудиохабарламасы болатын.

49 жыл тұрған қара шаңырақтың суға кеткені екі баланың әкесіне оңай тимеген. Көрші ауылға топан су кіргенін естіген ауыл азаматтары бірден сап түзеп, «қалайда туған жерімізді аман алып қаламыз» деп күні-түні еңбектеніп, бөгет салғанымен, апаттан қорғану мүмкін болмады. Осылайша, ауыл халқы бір сәтте әбігерге түсті.

«29 наурыздан бастап ауыл халқын үш жерге орналастырды: спорт мектебі, интернат, колледж жатақханасы. Біз аграрлық колледждің жатақханасына бардық. Бөгет жасап жүргенде телефонымның қуаты бітіп қалған еді. Жатақханаға орналасып, тамақ ішіп болғаннан кейін телефонымды қоссам, WhatsApp-қа көп хабарлама келіпті. Сол кезде ұлыма жағдайды айтқан едім», – дейді Самат Бисенбин.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button